Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда автомобиль және авиациялық отын өндіріледі

Қазақстанда автомобиль және авиациялық отын өндіріледі

Бұл жоба Қазақстанды биоотын өндірісін жолға қойған өңірлік хабқа айналдыруы мүмкін

QazMonitor Logo
Engin Akyurt/Pexels
Engin Akyurt/Pexels

Қазақстанда экологиялық таза автомобиль және авиациялық отын өндіру жобасы іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында «KazFoodProduckts» компаниясының бас директоры Әлихан Талғатбек мәлімдеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Оның айтуынша, компания агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті әртараптандыру бағытында табысты тәжірибе қалыптастырған. 2017 жылы кәсіпорын Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында орналасқан тоқтап тұрған «Биохим» зауытын сатып алып, қысқа мерзім ішінде ауқымды жаңғырту жүргізді. Нәтижесінде технологиялық процестер қалпына келтіріліп, өндіріс қайта іске қосылған.

Қазіргі таңда зауыт жылына 300 мың тонна астықты терең өңдеп, крахмал, бидай глютені және биоэтанол өндіреді. Компания өкілдерінің мәліметінше, бұл модель қарапайым астық экспортымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары қосылған құн қалыптастыруға мүмкіндік береді. Крахмал өнімдері ТМД және Азия нарықтарына экспортталады.

Сонымен қатар, компания «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен және америкалық серіктестермен бірлесіп, ТМД аумағында алғаш рет экологиялық таза автомобиль және авиациялық отын өндіретін зауыт салу жобасын бастап отыр. Жобалық қуаттылығы – жылына 50 мың тонна. Инвестиция көлемі шамамен 200 млн долларды құрайды.

Жоба іске асқан жағдайда Қазақстан биоотын өндірісін жолға қойған өңірлік хабтардың біріне айналуы мүмкін.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.