Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматы-1 темір жол вокзалында жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады

Алматы-1 темір жол вокзалында жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады

Нысан сейсмикалық тұрғыдан күшейтіледі

QazMonitor Logo
Фото: ҚР Көлік министрлігі
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Бүгінгі таңда вокзал ғимаратындағы құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды QazMonitor. Жоба аясында вокзал ғимараты мен вокзал кешенінің бүкіл инфрақұрылымын кешенді жаңғырту көзделген. Инженерлік желілер жаңартылып, заманауи энергиямен жабдықтау, желдету, цифрлық бақылау және қауіпсіздік жүйелері енгізілуде.

Жобаның негізгі басымдығы – нысанның сейсмикалық төзімділігін арттыру. Тірек конструкциялары күшейтіліп, ғимарат өңірдің сейсмикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкестендірілмек.

Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі және бейнебақылау жүйелері жаңартудан өтеді.

Қайта жаңғырту нәтижесінде вокзалдың өткізу қабілеті артып, жолаушыларға қызмет көрсету жағдайы жақсарады, толыққанды кедергісіз орта қалыптастырылады.

Қайта жаңғырту жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.