Қазақстанда жаңа сұрыптар мен гибридтерді, заманауи биопрепараттар мен инженерлік шешімдерді жылдам нарыққа енгізу, ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру және АПК экспорттық әлеуетін күшейтуге бағытталған алғашқы агротехнопарк құрылды, деп хабарлайды QazMonitor. Жоба ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатуымен таныстырылды.
Агротехнопарк университеттің аграрлық ғылымды дамыту, практикалық білім беру және экономиканың нақты секторымен интеграциялау жұмыстарының логикалық жалғасы болып отыр. Орталық бизнес-инкубация, инновациялық компанияларды қолдау және жоғары технологиялық жобаларды дамыту үшін арнайы жасалған. Мұнда жобаларды ғылыми-зерттеу кезеңінен коммерциализацияға дейін жүргізу, агротехнологияларды сынау, инновацияларды зертханадан өндірісіне дейін жылдам енгізу мүмкіндігі қарастырылған.
Агротехнопарктің жалпы алаңы шамамен 1 мың шаршы метрді құрайды. Оның құрамында металл өңдеу цехы бар өндірістік-инженерлік блок, резиденттерге арналған офис кеңістік және толық циклды зертханалық кешен бар.
Сонымен қатар, орталықта Қазақстан-Аустралия инновациялық орталығы (молекулалық-генетикалық зерттеулер), агробиотехнология және микробиология, физико-химиялық талдау, үлгілерді дайындау және аналитикалық зертханалар орналасқан.