Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыда студенттердің баспана мәселесі қалай шешілуде

Алматыда студенттердің баспана мәселесі қалай шешілуде

Қалада жатақханалардағы орын тапшылығы 11 мыңнан асады

QazMonitor Logo
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жобалық кеңсенің атсалысумен студенттік жатақханалар қорын ұлғайту және жаңа нысандардың құрылысын үйлестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды QazMonitor Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап,

Қаладағы жоғары оқу орындарында 221 мыңнан астам студент білім алуда. Олардың 145,4 мыңы өзге өңірлерден келген жастар. Қазіргі уақытта қалада 46,2 мың орынға арналған 136 жатақхана жұмыс істейді. Дегенмен, шамамен 11,6 мың орын тапшылығы бар.

Жаңа жатақханалар құрылысын үйлестіру үшін Алматы әкімдігі ҚР ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, ел бойынша бірыңғай жобалық кеңсе құрды. 2023-2024 жылдары жобалық кеңсе аясында Алматыда 8 273 орынға арналған 30 нысан пайдалануға берілді.

2023 жылы 3 969 орындық 14 жатақхана ашылды. 2024 жылы 4 304 орынға арналған 16 нысан іске қосылды. 2025 жылы қалада 4 500 орындық 13 жаңа жатақхана пайдалануға берілді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.