Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда жатыр мойны обыры неге жиіледі: Онкологтар кеңесі

Қазақстанда жатыр мойны обыры неге жиіледі: Онкологтар кеңесі

Республикада жыл сайын 1900 әйел жатыр мойны обырына шалдығады

QazMonitor Logo
Artem Podrez / pexels
Artem Podrez / pexels

Астанада дәрігерлер адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияның маңызын талқылады. Бұл вирустың 200-ден астам түрі бар. Оның жоғары онкогенді типтері аногениталды сүйелдер мен қатерлі ісіктің, соның ішінде жатыр мойны обырының дамуына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды QazMonitor.

Елорданың бас онкологы Мұхтар Төлеутаевтың мәліметінше, Қазақстанда жатыр мойны обыры таралуы бойынша сүт безі обырынан кейін екінші орында. Жыл сайын елде шамамен 1900 жаңа жағдай тіркеліп, 600-ден астам әйел көз жұмады. Әсіресе 25–44 жас аралығындағы фертильді жастағы әйелдер арасында өлім-жітім көрсеткіші жоғары.

Ғылыми зерттеулер жатыр мойны обырының дамуы адам папиллома вирусын жұқтырумен тікелей байланысты екенін дәлелдеген. Дәрігерлер қазіргі таңда оның алдын алудың тиімді тәсілі – вакцинация екенін айтып отыр.

Акушер-гинеколог Жанерке Әжетованың айтуынша, әлемнің 135 мемлекеті АПВ-ға қарсы вакцинаны ұлттық иммундау бағдарламасына енгізген. Қазақстанда вакцинация 2024 жылдың үшінші тоқсанынан бастап қолданысқа енгізілді. Екпе тіркелген жері бойынша емханаларда тегін жүргізіледі және ата-ананың немесе қамқоршының келісімімен салынады.

Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес, вакцина 11 жастағы қыздарға егіледі. Сонымен қатар 12–13 жастағы қыздарға арналған қосымша иммундау қарастырылған. Вакцина екі рет, арасы алты ай интервалмен енгізіледі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.