Дауыс беру 2026 жылғы 27 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қорғаныс министрлігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында өтеді, деп хабарлайды QazMonitor.
Байқау әскери қызметтің беделін арттыруға, армияның жағымды бейнесін қалыптастыруға және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудегі әйелдердің үлесін көрсетуге арналып отыр.
Биылғы фотобайқауға Қарулы күштердің түрлерінен, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардан, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелерінен 40-тан астам әскери қызметші әйел қатысып жатыр.
Дауыс беру үшін Қорғаныс министрлігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өтеді. «Ұнайды» белгісін көп жинаған қатысушы жеңімпаз атанады.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астанада өтеді.