Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Щучинсктегі оқиғаны тергеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды

Щучинсктегі оқиғаны тергеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды

Жарылыс салдарынан 28 адам зардап шекті, оның ішінде қаза тапқандар бар

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Төтенше жағдайлар министрілігінде Ақмола облысының Щучинск қаласында болған төтенше оқиғаның себептерін анықтау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Комиссияға оқиғаның себептерін жан-жақты, толық және объективті тергеуді қамтамасыз етіп, ұқсас жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін қажетті ұйымдастырушылық және алдын алу шараларын әзірлеу тапсырылды.

Зардап шеккен адамдарға және қайтыс болған адамдардың отбасыларына медициналық және психологиялық қолдауды қоса алғанда, барлық қажетті көмек көрсетілетін болады. Ақмола облысының әкімдігіне қайтыс болған адамдарды жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсету тапсырылды.

Ведомство мәліметінше, Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге іргелес салынған бір қабатты дәмханада газ әуе қоспасының жарылуы орын алып, кейін өрт шыққан.

Авариялық-құтқару жұмыстары барысында әрқайсысының көлемі 50 литрлік бес газ баллоны және екі оттегі баллоны өрттен шығарылған. Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үй-жайдан 10 адамды құтқарды.

Оқиға салдарынан 28 адам зардап шекті, олардың 13-і ауруханаға жатқызылды, 8 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді, ал 7 адам қайтыс болды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.