Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қақтығыс аймағынан оралу: Ираннан 52 қазақстандық елге қайтарылды

Қақтығыс аймағынан оралу: Ираннан 52 қазақстандық елге қайтарылды

Қазақстан азаматтарын шиеленіс аймағынан эвакуациялап жатыр

QazMonitor Logo
Фото: Мирас Қуандықов/Kazinform
Фото: Мирас Қуандықов/Kazinform

Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғалы Ираннан бүгінге дейін 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды, деп хабарлайды QazMonitor  СІМ-ге сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Ведомство мәліметінше, эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының жалпы саны 12 әуе рейсі арқылы 3300-ден астам қазақстандық елге оралған.

Әуе рейстерімен қатар, азаматтарды шығару жерүсті жолдары арқылы жүріп жатыр. Министрлік Ирандағы дипломаттар 6 наурызда «Заркух» компаниясында жұмыс істейтін 7 қазақстандық азаматты иран-армян шекарасына жеткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Бұған дейін Тегеран мен Еревандағы дипломаттар Иран аумағында қалған «Заркух» компаниясының 34 қызметкерінің елден шығуын ұйымдастырып, олар автобуспен иран-армян шекарасын өткен болатын. 

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.