Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанадағы LRT тарифі: Кімдер тегін жүреді және билет құны қанша?

Астанадағы LRT тарифі: Кімдер тегін жүреді және билет құны қанша?

Жолаушылар мен багаж үшін бірдей тариф болады

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Астана қаласында жеңіл рельсті көлік – LRT арқылы жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған тарифтер бекітілмек. Тиісті құжат Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды QazMonitor.

Құжатқа сәйкес, LRT-де жол жүру құны 200 теңге болады. Бұл тариф қолма-қол және қолма-қолсыз төлем тәсілдері арқылы төленген жағдайда қолданылады.

Ал жеңілдікті көліктік картасы бар азаматтар үшін жол жүру тегін болады. Мұндай жеңілдік Астана қаласы мәслихатынің қалалық қоғамдық көлікте жекелеген санаттағы азаматтарды жолақыдан босату туралы бұрын қабылданған шешімі негізінде беріледі. Тегін жүру құқығын растау үшін жолаушы электрондық атаулы картаның түпнұсқасын көрсетуі тиіс.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, қалалық рельсті көлік – жеке бөлінген жолдармен жүретін және жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты бағыттар бойынша тасымалдайтын қалалық көлік түрі. Ол габариті мен жүк көтергіштігі жағынан метрополитен мен теміржолдан шағындау болып келеді.

Сондай-ақ қолданыстағы заңға сәйкес 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар жолақының 50%-ын төлеп жүруге құқылы.

Қалалық рельсті көлікпен әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Осыған байланысты LRT тарифтері де қала деңгейінде белгіленеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.