Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда Парламент сайлауы биыл жазда өтеді

Қазақстанда Парламент сайлауы биыл жазда өтеді

Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

QazMonitor Logo
telegram / Janakonstituciya
telegram / Janakonstituciya

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесіп, ризашылығын білдірді, деп хабарлайды QazMonitor.

«Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын», деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент жаңа Конституция, ең алдымен, жастарға арналғанына назар аударды. Ата заңға волонтерлік қызмет, ғылым, инновация, жасанды интеллект сияқты ұғымдар енгізілгенін атап өтті.

«Ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілді. Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда Парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын», деді ол.

Айта кетейік, кеше Қазақстанда Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтті.

Экзитпол қорытындысына сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 88,6%-ы жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап, «иә» деп дауыс бергенін айтқан. Ал сайлаушылардың белсенділігі 72,1% деңгейінде болды деп болжанып отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.