Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан жыл басынан бері 3,3 мың адамға қандас мәртебесін берді

Қазақстан жыл басынан бері 3,3 мың адамға қандас мәртебесін берді

Қандастарға мемлекеттен қандай көмек көрсетіледі?

QazMonitor Logo
StockSnap/Pixabay
StockSnap/Pixabay

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 3 335 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды QazMonitor.

Ресми деректерге сәйкес, келгендердің басым бөлігі Қытай (47,8%) мен Өзбекстан (43,6%) елдерінен. Сонымен қатар Түрікменстан – 2,7%, Ресей – 2%, Моңғолия – 2,2% және өзге елдерден 1,7% қандас келген.

Қоныс аударушылардың жас құрылымында еңбекке қабілетті азаматтар үлесі басым – 58,1%. Ал 33,1%-ы кәмелетке толмағандар болса, 8,8%-ын зейнеткерлер құрайды. Б

Қандастар еліміздің әртүрлі өңірлеріне қоныстанып жатыр. Еңбек күші тапшы аймақтар ретінде Ақмола облысы, Абай облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Солтүстік Қазақстан облысы анықталған.

2026 жылға арналған қабылдау квотасы 2 281 адамды құрайды. Жылдың алғашқы екі айында аталған өңірлерге 569 қандас қоныстанған.

Айта кетейік, мемлекет тарапынан қоныс аударушыларға қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, көшуге біржолғы субсидия ретінде әр отбасы мүшесіне 70 АЕК (302,8 мың теңге) төленеді. Сондай-ақ тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтерге бір жылға 15-тен 30 АЕК-ке дейін (64,9-дан 129,8 мың теңгеге дейін) өтемақы беріледі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.