Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Айналымы 3,6 млрд теңге: Қазақстанда интернет-казино ұйымдастырған блогерге іздеу жарияланды

Айналымы 3,6 млрд теңге: Қазақстанда интернет-казино ұйымдастырған блогерге іздеу жарияланды

Ол лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінді

QazMonitor Logo
instagram/andersonchik1
instagram/andersonchik1

Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Ильяр Ювашевқа мемлекетаралық іздеуге жариялады, деп хабарлайды QazMonitor.

Әлеуметтік желіде andersonchik1 лақап атымен танымал блогер Қазақстан аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінді.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2024–2025 жылдары интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан, оның ішінде https://mellstroy.game/ ресурсы да бар.

Қаржы ағындарын заңдастыру және операцияларды жасыру мақсатында 22 жалған заңды тұлға тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Осы арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен.

Сонымен қатар ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті Беларусь Республикасының азаматы, «Mellstroy» атымен белгілі блогер Андрей Буримге қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр. Ол ннтернет-казиноны насихаттау үшін блогер түрлі ұтыс ойындары мен челлендждер ұйымдастырған.

Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy.game бренді, казино логотиптері мен сайт сілтемелері көрсетілген бейнероликтер түсіру ұсынылған. Қазір Бурим халықаралық іздеуге жарияланған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.