Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыда жол қауіпсіздігі – басты назарда: 3 күнде мыңдаған бұзушылық анықталды

Алматыда жол қауіпсіздігі – басты назарда: 3 күнде мыңдаған бұзушылық анықталды

43 мас жүргізуші ұсталып, түнгі жарыстар мен қауіпті жүргізу әрекеттері тоқтатылды

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Алматыда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға қатысты қалыптасқан ахуалды тұрақтандыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция департаментінің саптық бөлімшелері күшейтілген рейдтік іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды QazMonitor.

Соңғы үш тәулік ішінде қала көшелерінде 5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Мас күйінде көлік басқарған 43 жүргізуші ұсталып, олардың барлығы көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар 369 азаматтың көлікті тиісті құжаттарсыз басқарғаны белгілі болды. Нәтижесінде 94 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Жүргізілген жедел-профилактикалық шаралар барысында қауіпті жүргізу, оның ішінде түнгі жарыстар ұйымдастыру деректері дер кезінде анықталып, жолы кесілді. Бұдан бөлек белгіленген жылдамдықты шамадан тыс арттырудың 2 мыңнан астам фактісі тіркелді.

Ведомство мәліметінше, кейбір жүргізушілер өз құқық бұзушылықтарын әдейі бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялау арқылы жазасыздық иллюзиясын қалыптастыруға тырысады. Алайда мұндай әрбір дерек құқық қорғау органдарының бақылауында: құқық бұзушылар анықталып, заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Соның айқын мысалы – Әл-Фараби даңғылында тіркелген оқиға. Жүргізуші көлігін сағатына 250 шақырымға дейін үдеткен. Оның жеке басы жедел түрде анықталып, ұсталды. Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдар рәсімделіп, сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қауіпті жүргізудің орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертіп, барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.