Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді

Биыл өтінімдер 27 мамырдан бастап қабылданып, 31 тамызға дейін жалғасады

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей отырып, 1-сыныпқа қабылдау науқанының басталу мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды QazMonitor. Енді құжат қабылдау бұрынғыдай 1 сәуірде емес, 27 мамырда басталады.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, өзгеріс құжат қабылдау процесін тиімді әрі сапалы ұйымдастыру және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында енгізілген.

«Биыл құжат қабылдау 27 мамыр, сәрсенбіден басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі. Қазіргі таңда база бірнеше мәрте тесттен өтіп жатыр, ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалды, оны қосымша таныстыратын боламыз», – деді министр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.