Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда 270 емшара кабинеті қызметін тоқтатты

Қазақстанда 270 емшара кабинеті қызметін тоқтатты

Денсаулық сақтау министрлігі жеке емханаларға бақылауды күшейтті

QazMonitor Logo
Afif Ramdhasuma / pexels
Afif Ramdhasuma / pexels

Қазақстанда жүргізілген жаппай тексерістен кейін 270 жеке емшара кабинеті өз қызметін тоқтатып, заң бұзған нысандарға 16 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды QazMonitor.

Денсаулық сақтау министрлігі республика бойынша 1900 нысанды мониторингтен өткізіп, оның 408-і тиісті лицензиясыз жұмыс істеп келгенін анықтады. Қазіргі таңда тағы 116 нысанға қатысты жоспардан тыс тексеру амалдары жүріп жатыр.

Тексеруді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізген. Нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, кейбір кабинеттер өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болған.

Атап айтқанда, 270 емшара кабинеті қызметін ерікті түрде жапқан. Сонымен қатар бірқатар кәсіпкерлер қызметін заңдастыру үшін рұқсат құжаттарын рәсімдеуге кіріскен.

Мониторинг барысында келесі жүйелі бұзушылықтар тіркелген:

• медициналық қызметті лицензиясыз жүргізу;

• санитариялық талаптарды сақтамау;

• дәрілік заттарды сақтау ережелерін бұзу;

• білікті медициналық персоналдың болмауы;

• шұғыл көмек көрсетуге қажетті жабдықтардың жоқтығы.

Бақылау нәтижесінде 147 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 16 млн теңгеден астам айыппұл салынды. 

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.