Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Таразда жасыл желектерді цифрландыру басталды

Таразда жасыл желектерді цифрландыру басталды

Арнайы платформаға 31 мың ағаш енгізіліп, жоба 2028 жылға дейін жалғасады

QazMonitor Logo
Roman Biernacki/Pexels
Roman Biernacki/Pexels

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жасыл желектерді цифрландыру жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды QazMonitor. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар Тараз қаласында жүргізілуде.

Арнайы taraz.botsad.kz платформасына бүгінге дейін 31 мың түп жасыл желек туралы мәлімет енгізілген. Жоба аясында ағаштарды түгендеу, олардың жай-күйін бақылау және күтіп-ұстау процесін жүйелеу көзделген.

Айта кетейік, цифрландыру жобасын іске асыру 2026–2028 жылдар аралығында жалғасады. Алайда өңірдің басқа қалаларында, атап айтқанда Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында бұл бағыттағы жұмыстар әлі басталмаған.

Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясының аясында тұрғындардан өтінім қабылдайтын Telegram-бот та жұмыс істейді. Жыл басынан бері сервиске 237 өтінім түсіп, олардың басым бөлігі қаралған.

Цифрландыру бастамалары жасыл желектерді тиімді басқаруға және оларды күтіп-ұстау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.