Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қарағанды техникалық университетінде дрон операторларын даярлау басталды

Қарағанды техникалық университетінде дрон операторларын даярлау басталды

Әскери кафедрада «Ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелер» бағыты ашылып, 35 студент білім алуда

QazMonitor Logo
ҚР Қорғаныс министрлігі
ҚР Қорғаныс министрлігі

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелер» атты жаңа бағыт іске қосылып, қазіргі таңда 35 студент білім алуда, деп хабарлайды QazMonitor.

ҚР Қорғаныс министрлігі
ҚР Қорғаныс министрлігі

Оқыту барлау және топогеодезия бағыты бойынша жүргізіледі. Студенттер дрондарды басқарумен қатар деректерді талдау, жергілікті жерде бағдарлау, жедел шешім қабылдау және есептоп құрамында үйлесімді әрекет ету дағдыларын меңгереді. 

ҚР Қорғаныс министрлігі
ҚР Қорғаныс министрлігі

Практикалық сабақтар барысында студенттер ішкі полигонда және күрделі құрылыс жағдайында түрлі тапсырмаларды орындайды. Болашақ мамандар әуе барлауын жүргізу, нысандарды анықтау, деректерді нақты уақыт режимінде жеткізу және интернетсіз автономды байланыс арналары арқылы жұмыс істеуді үйренеді.

Дайындықтың соңғы кезеңінде курсанттар атыс жүйелерімен интеграцияны меңгереді. Олар нысан координаттарын дәл беру, оқ атуды түзету және тапсырмаларды жоғары дәлдікпен орындау дағдыларын пысықтайды.

«Мамандарды даярлау теориялық білім мен практикалық машықтарды ұштастыра отырып жүргізіледі. Командалық жұмысқа және жоғары технологиялық техниканы меңгеруге ерекше назар аударылады. Біздің студенттер дрондар бойынша жарыстарда да жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Мысалы, AITU KazRoboDrone байқауында университет командасы өткен жылы республикада бірінші, ал халықаралық деңгейде төртінші орын алды», – деді «Арнайы әскерлерді ұрыста қолдану» циклының басшысы, запастағы подполковник Марат Истемесов.

Жалпы дайындық үдерісі тәжірибеге негізделген және ұрыс жағдайына барынша жақын форматта ұйымдастырылған. Курсанттар виртуалды тренажерлерден бастап күрделі тактикалық тапсырмаларға дейінгі толық циклден өтеді. Оқу барысында заманауи барлау дрондары мен маневрлік FPV-дрондар қолданылады.

ҚР Қорғаныс министрлігі
ҚР Қорғаныс министрлігі

Студенттер техниканың құрылысын меңгеріп қана қоймай, аппараттарды құрастыру мен бағдарламалауды да үйренеді. Сонымен қатар олар шектеулі байланыс пен радиоэлектрондық кедергілер жағдайында әрекет ету дағдыларын игереді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.