Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда тұрғын үй кезегіне қою тәртібі өзгерді

Қазақстанда тұрғын үй кезегіне қою тәртібі өзгерді

«Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» цифрлық база ретінде ресми бекітілді

QazMonitor Logo
Konstantin Mishchenko/Pexels
Konstantin Mishchenko/Pexels

Қазақстанда тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды QazMonitor. Соған сәйкес «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасы енді ресми түрде цифрлық объект ретінде бекітіледі.

Тұрғын үй кезегіне қою тек осы цифрлық жүйе арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады. Қағидаларда өтінішті қағаз түрінде немесе өзге де тәсілдермен беру қарастырылмаған.

Кезекке тұру үшін азаматтар:

  •  қызмет көрсетушінің интернет-ресурсында электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы авторизациядан өтуі;

  •  жеке кабинет ашуы;

  •  жүйе арқылы электрондық өтініш беруі қажет.

Кезекке Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары және заңнамаға сәйкес тұрғын үйге мұқтаж деп танылған қандастар енгізіле алады. Өтініште азамат өз санатының тиістілігін көрсетеді. Алайда бұл санаттың болмауы кезекке қоюдан бас тартуға негіз бола алмайды.

Өтініш берушілердің және олардың отбасы мүшелерінің деректері мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде тексеріледі. Өтініш белгіленген нысан бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» цифрлық базасы арқылы электронды түрде қалыптастырылып, қол қойылады.

Енгізілген өзгерістер тұрғын үй кезегіне қою рәсімін толық цифрландыруға және өтініш берушілердің деректерін автоматты тексеруге бағытталған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.