Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан транзитін күшейту: инфрақұрылым мен цифрландыруға басымдық берілді

Қазақстан транзитін күшейту: инфрақұрылым мен цифрландыруға басымдық берілді

Транзит көлемін 55 млн тоннаға дейін ұлғайту үшін инфрақұрылымды жаңғырту мен цифрландыруды жеделдету тапсырылды

QazMonitor Logo
Julien Goettelmann/Pexels
Julien Goettelmann/Pexels

ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев министрліктің басшылық құрамымен еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі бойынша жедел ведомстволық кеңес өткізді, деп хабарлайды QazMonitor.

Министр транзит көлемін 55 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жедел әрі үйлестірілген шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Қойылған міндеттерге сәйкес негізгі транзиттік дәліздерді дамыту, көлік инфрақұрылымын жаңғырту және Қазақстанның Еуразиядағы жетекші транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайту үшін стратегиялық маңызы бар жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

Теміржол жобаларын іске асыруға, автомобиль өткізу бекеттерін жаңғыртуды жеделдетуге, теңіз инфрақұрылымын дамытуға және халықаралық тасымалдарда цифрлық шешімдерді ілгерілетуге ерекше басымдық берілді.

Кеңес қорытындысы бойынша министр бекітілген іс-қимыл жоспарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді, негізгі бағыттар бойынша күнделікті бақылау орнатуды және мерзімдердің бұзылуына жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

«Мемлекет басшысы мен Үкімет алдындағы жауапкершілік айрықша жоғары. Негізгі міндет — әрбір жобаның сапалы, уақтылы әрі нәтижелі іске асырылуын қамтамасыз ету. Барлық бағыттар бойынша ресурстарды барынша жұмылдыру және қатаң атқарушылық тәртіп қажет», — деп атап өтті министр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.