Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыда 1000 орындық жаңа мектеп ашылды

Алматыда 1000 орындық жаңа мектеп ашылды

«Жайлы мектеп» жобасы аясындағы білім ордасы 1147 оқушыны қабылдады

QazMonitor Logo
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласының әкімдігі

Алматының Наурызбай ауданы Шұғыла шағынауданында №223 жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды QazMonitor.

Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласының әкімдігі

1000-нан астам оқушыға арналған білім ордасы «Жайлы мектеп» («Келешек мектептері») ұлттық жобасы аясында салынған. Қазір мұнда жақын маңдағы шағынаудандарда тұратын 1147 бала білім алып жүр.

Жаңа мектептің ашылуы қарқынды дамып келе жатқан аудандағы оқушы орындарының тапшылығын азайтуға бағытталған. Сәуір айында Наурызбай ауданында екі ірі білім беру нысаны іске қосылды, бұған дейін №41 мектеп ашылған болатын.

Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласының әкімдігі

Салтанатты ашылу рәсіміне білім беру саласының өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.

«Қазіргі таңда мектепте 1147 оқушы оқиды. Бұлар бұрын алыс мектептерге автобуспен қатынап жүрген балалар. Енді біздің шағынауданның балалары үй маңында оқи алады. Бүгінгі оқиға олардың мектепке барып-келуін едәуір жеңілдетеді деп ойлаймын», – деді мектеп директоры Жеңісгүл Сартаева.

Оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қазіргі уақытта 1-сыныптан 10-сыныпқа дейінгі сыныптар жасақталған, ал алдағы уақытта мектеп 1-11 сынып аралығында толық циклде жұмыс істейді.

Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласының әкімдігі

Мектеп заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Атап айтқанда, оқу кабинеттері, әртүрлі жас топтарына арналған спорт залдары бар. Сондай-ақ футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңшалары сынды ашық спорт кеңістіктері қарастырылған.

Сонымен қатар жайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Ғимарат ішінде және мектеп аумағында демалыс аймақтары жабдықталған.

Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласының әкімдігі

Қала бойынша 2025 жылы әртүрлі бағыттағы 38 білім беру нысаны салынды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 34 200 орынға арналған 20 мектептің құрылысы жоспарланған, оның 12-сі пайдалануға берілді, қалғандары жыл соңына дейін ашылады.

Жаңа мектептер заманауи білім беру кеңістігін қалыптастырып, сапалы білімді үйге жақын жерде алуға мүмкіндік береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.