Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. ІІМ жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл туралы ақпаратты жоққа шығарды

ІІМ жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ведомство фейк таратпауға шақырды және азаматтарға рек ресми органдардың ақпаратына сенуді ескертті

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде «жылдамдықты тіркеу шегі төмендеп, енді сағатына 2 шақырымға асырудың өзіне айыппұл салынады» деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды QazMonitor.

Министрліктің мәліметінше, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

«Құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тарту тәртібі өзгерген жоқ. Бұрынғыдай әкімшілік жауапкершілік белгіленген жылдамдықты сағатына 10 шақырымға және одан жоғары асырған жағдайда ғана қолданылады», деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Сонымен қатар ол 8 мамырдан бастап күшіне енетін бірлескен бұйрық тек камералардың жұмыс тәртібіне қатысты, яғни олардың өлшеу дәлдігі мен рұқсат етілген қателік шегін нақтылайтынын атап өтті. Бұл құжат жүргізушілерге ешқандай жаңа талап енгізбейді және жауапкершілікке тарту шегіне әсер етпейді.

«Осылайша «сағатына 2 шақырымға асыру үшін айыппұл салынады» деген мәлімдемелер - жалған ақпарат. Аталған ақпаратты таратқан тұлға анықталды. Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деп қосты ол.

Бұған қоса ІІМ өкілі қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.