Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Көлік министрлігі Астана – Франкфурт рейсіндегі оқиғаны тексереді

Көлік министрлігі Астана – Франкфурт рейсіндегі оқиғаны тексереді

Air Astana ұшағы қозғалтқыш ақауына байланысты Ақтөбеге шұғыл қонды

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

2026 жылғы 8 мамырда Астана – Франкфурт бағыты бойынша орындалған KZR921 рейсі кезінде «Air Astana» АҚ-ға тиесілі EI-KGJ тіркеу нөмірлі Airbus A321 ұшағында авиациялық оқиға тіркелді, деп хабарлайды QazMonitor.

Астана әуежайынан ұшып шыққаннан кейін әуе кемесінің экипажы қозғалтқыштардың бірінде ақау анықталуына байланысты PAN-PAN шұғыл дабылын жариялаған. Осыған байланысты экипаж Ақтөбе қаласының қосалқы әуежайына қону туралы шешім қабылдады.

Ұшақ бортында 93 жолаушы болған, олардың ішінде 4 бала мен 1 нәресте, сондай-ақ экипаждың 9 мүшесі бар.

Әуе кемесі Ақтөбе әуежайына жергілікті уақытпен 11:34-те штаттық режимде қонды. Экипаж әуе кемесінің жедел пайдалану жөніндегі анықтамалығында (QRH – Quick Reference Handbook) көрсетілген рәсімдерге сәйкес әрекет еткен. Қонғаннан кейін ұшақ өз күшімен тұрақ орнына жеткен. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әуежайдың авариялық-құтқару және жерүсті қызметтері жұмылдырылды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға әуе кемесінің күштік қондырғысындағы техникалық ақауға байланысты болған. Зардап шеккендер мен әуе кемесінің зақымдануы туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазақстан Республикасының авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес бұл жағдай ауыр инцидент ретінде жіктелді. Оқиғаны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру департаменті тексереді.

Алдын ала ақпарат жинау және бастапқы іс-шараларды жүргізу үшін департамент өкілінің оқиға орнына баруы жоспарланып отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.