Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада отандық өнімдердің ірі көрмесі өтеді

Астанада отандық өнімдердің ірі көрмесі өтеді

Биыл көрмеге қатысатын компаниялар саны екі есе артқан

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

2026 жылғы 22-24 мамыр күндері Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің дәстүрлі Ulttyq ónim көрмесі тоғызыншы рет өтеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Ulttyq Ónim – мемлекеттен қолдау алған қазақстандық компаниялардың өнімдері мен қызметтерін насихаттауға арналған ең ірі көрме алаңы. Мұнда қазақстандық өндірушілер, инвесторлар, мемлекеттік және қаржы институттар басшылары, сондай-ақ халықаралық сарапшылар бас қосады.

Көрме аясында компаниялар тамақ, жеңіл, ауыр және химия өнеркәсібі, жиһаз және құрылыс өндірісі, крафт индустрия және экономиканың басқа да салаларындағы өнімдер мен қызметтерін ұсынады. Жобаның басты мақсаты – отандық бизнесті қолдау, кооперацияны дамыту, жаңа серіктестер табу және қазақстандық өнімдердің өткізу нарығын кеңейту.

Биыл көрмеге 600-ден астам компания қатысады. Бұл – былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Экспозиция аумағы мен салалар да айтарлықтай кеңейді. Мысалы биыл «Қызмет көрсету» санатындағы кәсіпкерлер де қатысады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.