Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Ақтөбеде 26 қоғамдық кеңістік жаңартылады

Ақтөбеде 26 қоғамдық кеңістік жаңартылады

Қалалық ортаны жаңғырту жұмыстары демеушілер қолдауымен қарқын алып, экологиялық әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған

QazMonitor Logo
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбеде  биыл 26 қоғамдық кеңістік жаңартылып, жаңа демалыс аймақтары пайдалануға беріледі, деп хабарлайды QazMonitor.

Заманауи қоғамдық кеңістіктер тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, балалардың қауіпсіз ойнауына, жастардың белсенді демалуына және қала халқының экологиялық таза ортада уақыт өткізуіне мүмкіндік береді.

Жобалар демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жергілікті кәсіпкерлер әлеуметтік жауапкершілікті көрсетіп, туған қаласының дамуына өз үлесін қосып келеді.

Биыл жаңғыртылатын нысандар қатарында Мәңгілік Ел көшесі бойындағы аллея, гуманитарлық колледж алдындағы сквер, Ретро-парк, Бөгенбай батыр көшесіндегі бұрынғы автотұрақ аумағы және басқа да демалыс орындары бар. Жаңа қоғамдық кеңістіктер Тұрғындар қалашығында, қаланың ескі бөлігінде және түрлі шағын аудандарда пайда болады. Бұрын бос жатқан немесе қараусыз қалған аумақтар кезең-кезеңімен заманауи демалыс орындарына айналдырылуда.

Солардың бірі – Есет батыр көшесіндегі Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі маңындағы аллея. Жалпы аумағы жарты гектар болатын нысанда қазіргі уақытта субұрқақты демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар автоматты суару жүйесін орнату, жарық шамдарын қою, құнарлы топырақ төсеу, көпжылдық гүлдер мен ағаштар отырғызу жоспарланған. Мұнда жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері де орнатылады.

Аталған жобаны «Рамазан-Құс» ЖШС қаржыландырып отыр. Жұмыстар мамыр айының соңына дейін аяқталып, аллеяны 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында ашу көзделген.

Айта кетейік, былтыр облыс орталығында 15 қоғамдық кеңістік ретке келтірілген.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.