Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Түркістандағы саммитке орай ТЖМ Cybertruck-ты іске қосты

Түркістандағы саммитке орай ТЖМ Cybertruck-ты іске қосты

Электрлі көлік Түркі мемлекеттері ұйымы саммиті кезінде жедел әрекет ету және іздестіру-құтқару жұмыстарына қолданылуы мүмкін

QazMonitor Logo
Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысының әкімдігі

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті аясында Түркістан қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің  жедел әрекет ету және қажет болған жағдайда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған Tesla Cybertruck көлігі дайындыққа келтірілді, деп хабарлайды QazMonitor.

Электрлі пикап бұған дейін-ақ Алматы қаласының таулы аймақтарында және оған іргелес аумақтарда жүргізілетін іздестіру-құтқару операцияларында қолданылып келеді. Бұл өңірлерде туристер мен альпинистер легі жыл сайын жоғары деңгейде тіркеледі.

Көлік спутниктік интернетпен, тепловизоры бар кәсіби квадрокоптерлермен, арнайы байланыс құралдарымен, қорғалған есептеу техникасымен және автономды қуат көздерімен жабдықталған. Бұл төтенше жағдай аймағында құтқарушылар мен медициналық қызметтердің іс-қимылдарын жедел үйлестіруге, алғашқы барлауды жүргізуге, жабдық жеткізуге және мобильді штабты орналастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар автокөлік жедел басқару шешімдерін қабылдауға, сенімді байланыс орнатуға және күштерді тиімді үйлестіруге арналған мобильді командалық-барлау пункті ретінде де пайдаланылады.

ТЖМ үшін маңызды артықшылықтардың бірі - іштен жанатын қозғалтқыштарға шектеу қойылған табиғи қорғалатын аумақтарда көлікті қолдану мүмкіндігі. Электрлі платформа таулы аймақтарда экологиялық талаптарды сақтай отырып, бөлімшелердің жоғары ұтқырлығын қамтамасыз етеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.