Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыда биыл 270 шақырымға жуық электр желісі жаңартылады

Алматыда биыл 270 шақырымға жуық электр желісі жаңартылады

Қалада қосалқы станциялар қайта жөнделіп, апатты өшірулер санын азайту көзделіп отыр

QazMonitor Logo
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылы Алматыда шамамен 270 шақырым электр желісі жаңғыртылып, бірқатар қосалқы станция мен тарату пункті қайта жөнделеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Жөндеу маусымы аясында қалада 10/6/0,4 кВ кернеулі 269,79 шақырым электр желісін қайта құру жоспарланған. Оның ішінде 210 шақырымы — 10/6 кВ кабель желілері. Бұл жұмыстар Алмалы, Бостандық және Наурызбай аудандарында жүргізіледі. Сонымен қатар Алмалы, Наурызбай және Алатау аудандарында 0,4 кВ әуе желілерінің шамамен 60 шақырымы жаңартылады.

Бұдан бөлек, үш тарату пункті мен 22 трансформаторлық қосалқы станция қайта жаңғыртылады. «Есентай», «Шоссейная» және «Жас Қанат» қосалқы станцияларын жаңарту да жоспарланған.

Жетісу және Түрксіб аудандарында ұзындығы 30 шақырымнан асатын 110 кВ электр беру желілері жаңартылып, ескі сымдар заманауи композиттік сымдарға ауыстырылады.

Өткен жылы қалада 238 шақырым желі жаңғыртылған. Салыстырмалы түрде 2024 жылы — 140 шақырым, 2023 жылы 162 шақырым желі жөнделген.

Қазіргі таңда электр желілерінің ең жоғары тозу деңгейі Түрксіб, Медеу және Наурызбай аудандарында тіркелген. Осыған байланысты аталған аудандарда инфрақұрылымды жаңарту жобаларына басымдық беріліп отыр.

Алматының электр желілік кешені елдегі ең ірі жүйелердің бірі. Қаладағы электр беру желілерінің жалпы ұзындығы 30,8 мың шақырымнан асады. Сонымен қатар Алматыда 206 қосалқы станция және 7,3 мыңнан астам трансформаторлық қосалқы станция мен тарату пункті жұмыс істейді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.