«Реалды активтерге инвестиция жасайтын халықаралық экожүйе» ретінде таныстырылған жоба Қазақстанда қаржы пирамидасы болып шықты. Қазір Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды QazMonitor.
Жамбыл облысында «ENVIDA AI» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Тергеу мәліметінше, ұйымдастырушылар WhatsApp мессенджері арқылы күнделікті табыс әкеледі деген желеумен топтар құрып, азаматтарды тұрақты жоғары табыс уәде етіп тартқан.
Жоба өзін халықаралық экожүйе ретінде таныстырып, нақты активтерге инвестиция салатынын мәлімдеген. Нәтижесінде бұл схемаға 370-тен астам салымшы тартылған. Қатысушылардың арасында Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары және Алматы қаласының салымшылары бар.