Шымкент қаласындағы «125 High School» мектебінің 11 сынып оқушысы Жанерке Жүнісәлі әлемнің 118 университетінен шақырту алды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Екі жыл тыыңғылықты дайындалған ол IELTS сынағынан 6.5 балл жинаған. Оқушыға АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Италия, Испания, Түркия, Малайзия, БАӘ және Оңтүстік Корея секілді мемлекеттердің жетекші университеттері гранттар мен арнайы шәкіртақылар ұсынған.
Жанеркеге грант ұсынған негізгі оқу орындарының арасында АҚШ-тың The College of Wooster ($172,000), Whittier College ($144,000), Xavier University ($144,000), Hope College ($140,000), Bradley University ($112,000), Германияның Constructor University (€32,000); Канаданың Toronto Metropolitan University (CAD 80,000); Сингапурдың Curtin University Singapore (SGD 30,000); БАӘ–нің University of Wollongong Dubai (AED 40,000); Түркия мен Кипр–дің TED University (75% жеңілдік), European University of Lefke (80% жеңілдік) бар.
Қазіргі таңда Жанерке Малайзия университеттері тарапынан түскен ұсыныстарды қарастырып, өзінің болашақ кәсіби бағытын осы елдегі оқу орындарының бірімен байланыстыруды жоспарлап отыр.