Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда 40 млрд теңге алимент өндірілді

Қазақстанда 40 млрд теңге алимент өндірілді

Соңғы жеті жылда алимент қарызының жалпы көлемі 87%-ға қысқарған

QazMonitor Logo
Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Қазақстанда балалардың асырап-бағу құқығын қорғау бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде алимент бойынша 40 млрд теңге берешек өндірілді. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Ведомство мәліметінше, жыл сайын қадағалау шаралары арқылы 1 миллионнан астам кәмелетке толмағанның құқығы қорғалады.

Прокурорлардың араласуымен 1 034 жетім бала тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, тағы 1,3 мыңнан астам бала баспана алу кезегіне қайта қойылған.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміз бойынша 17 мың білім беру ұйымына тексеру жүргізілді. Нәтижесінде физикалық және ақпараттық қауіпсіздік, санитарлық-гигиеналық талаптар мен қаржылық тәртіпке қатысты көптеген заңбұзушылық жойылған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 63 мектептегі мәселелер шешіліп, 31 мың оқушы үшін қолайлы жағдай жасалған.

Оқу орындарындағы кадрлық құрам да тексеруден өтті. Тексеру қорытындысы бойынша бұрын қылмыс жасаған, сондай-ақ психоневрологиялық және наркологиялық есепте тұрған адамдар білім беру ұйымдарындағы қызметінен шеттетілген.

Ведомствоның хабарлауынша, балалардың материалдық қамтамасыз етілуін жақсарту бойынша жүйелі жұмыстардың арқасында алимент бойынша 40 млрд теңге берешек өтелген. Сонымен қатар соңғы жеті жылда алимент қарызының жалпы көлемі 87%-ға азайған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.