Ақтөбеде мектеп оқушылары «Димаш Құдайберген» атты туынды жасады, деп хабарлайды QazMonitor.
Мектеп оқушылары Бейбарыс Амангелдіұлы мен Жасмин Жұмагелдіқызы шығармашылық жобасын Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтөбедегі Өнер орталығында өткен «Балалық шақ – бақыт мекені» мерекелік іс-шарасында таныстырды.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров көрме барысында туындымен танысып, жас өнертапқыштардың шығармашылығы мен табандылығына жоғары баға берді.