Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстаннан Кипрге тікелей рейс ашылды

Қазақстаннан Кипрге тікелей рейс ашылды

Рейстер Астана мен Алматыдан ұшады

QazMonitor Logo
Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды QazMonitor.

«Air Astana» әуе компаниясы ағымдағы жылғы 2 маусымнан бастап Астана – Ларнака бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 4 маусымнан бастап әуе компания Алматы – Ларнака бағыты бойынша рейстерді іске қосады.

Рейстер әрбір бағыт бойынша аптасына 2 рет жиілікпен «Airbus A321LR» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.

Әуе қатынасын іске қосу елдер арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.