Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Өскеменге Беларусьтен заманауи трамвайлар жеткізілді

Өскеменге Беларусьтен заманауи трамвайлар жеткізілді

Өңірге былтыр да үш трамвай әкелінген болатын

QazMonitor Logo
Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласына Беларусь Республикасынан жеткізілген жаңа трамвайлармен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік мәліметінше, қоғамдыө көліктер қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи жүйелермен, салқындатқышпен, бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Төмен еденді трамвайлар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктеріне толық бейімделген.

Үш жаңа трамвайдың әрқайсысында 36 орын бар. Ал бір рельсті көлікке жалпы саны 130 адам сыяды. Аймақ басшысы трамвайға және электробусқа мініп, олардың жолаушыларға жайлылығын бағалады.

«Өнеркәсібі дамыған өңіріміз үшін экологиялық таза көліктердің маңызы зор. Өскеменде жыл сайын трамвайға мінетін тұрғындар саны да артып келеді. Сондықтан трамвай паркін жаңарту жұмыстарын ары қарай жалғастырамыз», - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кетейік, 2025 жылы Өскеменге 3 жаңа трамвай жеткізілген болатын. Беларусь елінің «БКМ Holding» кәсіпорнында жасалған бұл қоғамдық көліктер бір жылдың ішінде сапасының жоғары екенін көрсетті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.