Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жыл басынан бері Қазақстан шекарасында 6,9 млрд теңгенің заңсыз валютасы ұсталды

Жыл басынан бері Қазақстан шекарасында 6,9 млрд теңгенің заңсыз валютасы ұсталды

ҰҚК Декларацияланбаған валютаны алып өтудің жолын кесу шаралар туралы айтты

QazMonitor Logo
Qazaqstan Monitor:  Жыл басынан бері Қазақстан шекарасында 6,9 млрд теңгенің заңсыз валютасы ұсталды

ҰҚК Шекара қызметі шетелге ақша қаражатын заңсыз әкету фактілерінің жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды QazMonitor ведомтсвоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет 2 маусымда Атырау облысы «Құрманғазы» өткізу пунктінде тексеруден өту кезінде ҚР азаматының жеке жүгінен 299,6 мың АҚШ доллары табылғанын хабарлады.

Сонымен қатар, осы жылы 3 маусымда Жамбыл облысы шекарасында жасырын түрде 102,5 млн рубль өткізуге әрекеттенген алты шетел ұсталды.

Материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құзырлы органдарға берілді.

Жалпы жыл басынан бері 6,9 млрд теңге сомасына декларацияланбаған валютаны әкетудің 681 әрекеті тоқтатылды.

Осы ретте ҰҚК Шекара қызметі ҚР заңнамасында белгіленген сомадан жоғары (10 мың АҚШ долларынан аспайтын) қолма-қол ақшаны республикадан тыс жерге әкетуге тыйым салынатынын еске салды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.