Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда 30 мыңнан астам нысан инклюзивті талаптарға бейімделді

Қазақстанда 30 мыңнан астам нысан инклюзивті талаптарға бейімделді

2027 жылға қарай 42 мың нысан толық бейімделеді

QazMonitor Logo
Jakub Pabis / pexels
Jakub Pabis / pexels

Қазақстанда 2026 жылдың соңына дейін республика бойынша 34 318 нысанды инклюзивті талаптарға бейімдеу көзделген. 2026 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша 30 571 нысан толық бейімделіп, жоспарланған көрсеткіштің 71%-ын құрады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Бүгінгі таңда 2025-2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының инклюзивті саясат тұжырымдамасы, 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасы және «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

Жол картасы аясында Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу көзделген. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде: жыл сайын нысандардың кемінде 20%  бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы Картадағы нысандардың 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, ал 2027 жылы 100% толық бейімделуі жоспарланған.

Бейімделген нысандардың ішінде денсаулық сақтау ұйымдары – 5 020; білім беру ұйымдары – 9 574; мәдениет нысандары – 2 257; сауда және қызмет көрсету нысандары – 6 369; мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 4 222; өзге де нысандар – 3 129.

Ең көп бейімделген нысандар Алматы қаласында (6 189 нысан), Түркістан (2 512 нысан), Қызылорда (1 887 нысан) облыстарында, Шымкент қаласында (1 623 нысан), Атырау облысында (1 559 нысан) және Астана қаласында (1 456 нысан) орналасқан.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған. Нысандарды бейімдеу кезінде кіреберістің қолжетімділігіне, санитариялық-гигиеналық бөлмелерге, навигация жүйесіне, сондай-ақ азаматтардың барлық санаты үшін қауіпсіз әрі дербес қозғалуына жағдай жасауға ерекше назар аударылады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.