Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада жыл басынан бері 80-ге жуық вандализм дерегі анықталды

Астанада жыл басынан бері 80-ге жуық вандализм дерегі анықталды

Полиция вандализммен күресте дрондар мен бейнебақылауды қолдана бастады

QazMonitor Logo
Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

Жыл басынан бері Астанада вандализмнің 80-ге жуық дерегі тіркелген. Көбіне аялдама павильондары, орындықтар, қоқыс жәшіктері, жарнама құрылымдары, тұрғын үйлердегі бейнебақылау камералары мен лифт жабдықтары зардап шегеді, деп хабарлады елода әкімдігінің сайты.

Мәселен, биыл вандалдар бірнеше рет аялдама павильондарын бүлдірген. Кейбір азаматтар есіктерді сындырған, павильон ішіндегі розеткалар мен орындықтарды бүлдірген, шыныларын шағып кеткен. Олардың барлығы жауапқа тартылып, кейбіріне әкімшілік қамау жазасы қолданылған.

Кәмелетке толмағандар арасында да мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Балалардың тентектігі немесе абайсыз әрекеті салдарынан қоршаулар, ойын алаңдарының жабдықтары және басқа да инфрақұрылым нысандары бүлінеді. Осындай оқиғалардың бірінде тоғыз жасар бала шлагбаумға секіріп, оны сындырып кеткен. Кейін полиция оның ата-анасын анықтап, келтірілген шығынды өтеуді міндеттеген.

Барлық жағдайда кінәлілер келтірілген залалды өтеп, заң аясында жауап береді. Егер құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған бала жасаса, оның әрекеті үшін заңды өкілдері жауапты болады.

Полиция бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Мұндай жағдайда келтірілген шығын өтеліп, айыппұл салынуы немесе әкімшілік қамау жазасы қолданылуы мүмкін.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.