Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда тағы екі колледж су саласы мамандарын даярлай бастайды

Қазақстанда тағы екі колледж су саласы мамандарын даярлай бастайды

2026 жылы еліміздің колледждерінде су саласы бойынша жаңа мамандықтар ашылады

QazMonitor Logo
Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

2026-2027 оқу жылынан бастап су шаруашылығы саласы үшін мамандар даярлайтын колледждердің тізімі тағы екі оқу орнымен толығады, деп хабарлайды QazMonitor Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриялық-техникалық колледжі «Техник-гидролог» және «Гидрогеология және инженерлік геология» мамандықтары бойынша кадр даярлауды бастайды. Ал Қарағанды облысындағы Теміртау жоғары политехникалық колледжінде «Гидротехникалық құрылыс» мамандығы бойынша мамандар даярланады.

«Осы колледждерде білім алып жатқан болашақ су мамандары өндірістік тәжірибеден «Қазсушар» РМК филиалдарында өтеді. Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығы саласына мамандар даярлайтын барлық оқу орнымен тиісті меморандумдарға қол қойған. Биыл су саласында өндірістік тәжірибеден өтетін студенттер саны былтырмен салыстырғанда екі есеге жуық артты. Колледждерде студенттер «Гидротехникалық құрылыс», «Гидротехникалық мелиорация», «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану» және «Гидрогеология» мамандықтары бойынша білім алып жатыр», – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Марат Иманалиев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта су шаруашылығы саласы үшін кадрлар даярлауды 757 студент оқитын 8 арнаулы орта оқу орны жүзеге асырады. 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша аталған колледждерді 208 түлек тәмамдады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.