Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда тұңғыш вирустан таза аналық бақ құрылды

Қазақстанда тұңғыш вирустан таза аналық бақ құрылды

Отандық алма көшеттері импортты ығыстырады

QazMonitor Logo
Qazaqstan Monitor: Қазақстанда тұңғыш вирустан таза аналық бақ құрылды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен елімізде алманың вирустан таза көшет материалын өндірудің ғылыми негізделген жүйесін қалыптастыруға бағытталған бірегей пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды QazMonitor.

Жоба 2024–2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында іске асырылуда. Мақсаты – отандық бау-бақша шаруашылығын дамыту, көшет материалының сапасын арттыру және импортқа тәуелділікті азайту.

Бұл – Қазақстандағы осы бағыттағы алғашқы әрі әзірге жалғыз жоба. Ол отандық алма сорттары мен телітушілерін заманауи биотехнологиялық әдістер арқылы вирустардан арылтып, сапалы көшет қорын қалыптастыруды көздейді.

Жоба аясында ғалымдар ғылыми және өндірістік бақтарда өсірілетін алма сорттары мен телітушілеріне вирустық аурулардың бар-жоғын анықтау үшін ауқымды зерттеу жүргізді. Соның нәтижесінде оларды вирустан арылту бойынша биотехнологиялық жұмыстар атқарылды.

Нәтижесінде «Жетісу 5», «АРМ-18», «Б-16-20», «Б-7-35» атты отандық алма телітушілері, сондай-ақ «Айнұр», «Салтанат» және «Восход» секілді болашағы зор қазақстандық сорттар вирустан толық тазартылды.

Отандық жоғары сапалы көшет өндірісін жедел дамыту мақсатында жоба шеңберінде Нидерланд Корольдігінен әлемдік нарықта сұранысы жоғары 12 түрлі алма телітушісінен 7,9 мың түп және шетелдік селекцияға жататын 20 сорттан 2,2 мың түп әкелінді.

Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Талғар өңірлік филиалының базасында аумағы 0,5 гектар болатын еліміздегі алғашқы вирустан таза аналық бақ құрылды. Қазір аумағы 1,5 гектар болатын аналық бақты қалыптастыруға арналған көшеттер дайындалуда.

Алдағы уақытта институт отандық бағбандарды «М9», «М7», «В9», «ММ106», «М111» сияқты сұранысқа ие телітушілермен, сондай-ақ «Гренни Смит», «Гала», «Фуджи», «Джонаголд» және басқа да танымал сорттардың сертификатталған, вирустан таза көшеттерімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.