Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Құтқарушылар балалар лагерьлерінде дәріс өткізіп жатыр

Құтқарушылар балалар лагерьлерінде дәріс өткізіп жатыр

ТЖМ қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруды көздейді

QazMonitor Logo
Qazaqstan Monitor: Құтқарушылар балалар лагерьлерінде дәріс өткізіп жатыр

Жазғы демалыс кезінде Қазақстан ТЖМ бөлімшелері еліміздегі балаларды сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде профилактикалық жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды QazMonitor министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республиканың барлық өңірлерінде құтқарушылар балалар үшін танымдық сабақтар, шеберлік сағаттары, экскурсиялар және практикалық жаттығулар ұйымдастыруда. Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері, су айдындарындағы қауіпсіз мінез-құлық, терезе маңындағы сақтық шаралары, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібі түсіндіріледі.

Астана қаласында ТЖД қызметкерлері мектеп жанындағы лагерьлерде кездесулер өткізіп, балаларға қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы мен төтенше жағдайлардың алдын алу жолдарын қарапайым әрі түсінікті түрде жеткізуде.

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде қауіпсіздік сабақтарын өткізуде. Балалар шартты кедергілерден өтуді үйреніп, кинологиялық қызметтің жұмысымен танысуда, табиғатта және су айдындарының маңында қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын меңгеруде. Сонымен қатар мамандар лагерь қызметкерлеріне нұсқама өткізіп, нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексеруде.

Батыс Қазақстан облысында балалар үшін экскурсиялар ұйымдастырылып, олардың барысында өрт-құтқару техникасы, арнайы жабдықтар және азаматтық қорғау жүйесінің даму тарихы таныстырылады. Профилактикалық сабақтар балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын жақсырақ түсінуіне және құтқарушы мамандығына қызығушылығының артуына ықпал етеді.

Сонымен қатар Жетісу облысында Алакөл ауданынң балалар сауықтыру лагерінде құтқарушылар балалар үшін танымдық әрі көңілді іс-шара ұйымдастырды. Қатысушылар өрт және судағы қауіпсіздік ережелерімен танысып, қызықты эстафетаға қатысты. Кездесудің ерекше сәті өрт сөндіру автокөлігінен жасалған су фонтаны болды.

Қостанай облысында ТЖД қызметкерлері балаларды сауықтыру лагерьлеріне профилактикалық тексеру жүргізіп, персоналдың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылға дайындығын бағалауда. Балалар үшін өрт қауіпсіздігі, алғашқы көмек көрсету және жазғы кезеңдегі қауіпсіз мінез-құлық тақырыптарында оқыту сабақтары ұйымдастырылуда. Балаларды практикалық дағдыларға үйретуге ерекше көңіл бөлінеді.

Павлодар облысында Апаттар медицинасы орталығының мамандары алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабақтарын өткізуде. Онда оқушылар төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерімен танысып, алған білімдерін тәжірибе жүзінде пысықтайды.

Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару бөлімшелері жас қонақтарды тұрақты түрде қабылдайды. Экскурсия барысында балалар төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылатын заманауи техника және жабдықтармен танысып, құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қызметі туралы мәлімет алады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.