Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматы полициясы электр көлігі иелеріне маңызды ескерту жасады

Алматы полициясы электр көлігі иелеріне маңызды ескерту жасады

Полиция көлік иелерін мемлекеттік тіркеуден уақытылы өтуге шақырды

QazMonitor Logo
Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ

Алматыда қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын екі дөңгелекті электр көліктерін тіркеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті хабарлады.

Ведомство өкілдері мұндай көлік иелеріне мемлекеттік тіркеуден уақытылы өтудің маңызын тағы бір мәрте еске салды. Тіркеу көлік құралын заңды пайдалануға, меншік иесінің құқықтарын қорғауға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Егер сіздің екі дөңгелекті электр көлігіңіз міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын болса, құжат рәсімдеуді кейінге қалдырмауға кеңес береміз. Бүгінде тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілген және көп уақытты талап етпейді. Көптеген азамат бұл процестен сәтті өтіп үлгерді. Мемлекеттік тіркеу – заң талаптарын орындау ғана емес, көлік құралын заңды пайдаланудың, меншік құқығын қорғаудың және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі», – деді Алматы қаласы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы Процессинг орталығының бастығы Нұрсұлтан Ақмырзаев.

Полиция департаментінің мәліметінше, мемлекеттік тіркеуге қатысты толық ақпарат пен кеңесті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады. Сондай-ақ қажетті құжаттарды рәсімдеу де осы орталықтарда жүргізіледі.

Полиция екі дөңгелекті электр көлігі иелерін заң талаптарын сақтап, көлік құралдарын уақытылы мемлекеттік тіркеуден өткізуге шақырды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.