Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыда автокөліктердің зиянды шығарындыларына мониторинг жалғасуда

Алматыда автокөліктердің зиянды шығарындыларына мониторинг жалғасуда

Бір айда 778 автокөлік пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтін деңгейіне тексерілді

QazMonitor Logo
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы 1-29 маусым аралығында Алматыда жылжымалы экологиялық зертханалар 778 автокөлікті пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтін деңгейінің белгіленген нормаларға сәйкестігіне тексерді, деп хабарлайды QazMonitor.

Мониторинг Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді. Іс-шаралар атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру және зиянды шығарындыларды азайту мақсатында ұйымдастырылған.

Тексеру қорытындысы бойынша 194 автокөліктен экологиялық талаптардың бұзылғаны анықталды. Оның ішінде 106 көлік – бензинмен, 86 көлік – дизельмен, ал екі көлік газбен жүреді.

«Eco Almaty» мәліметінше, мұндай рейдтер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Олар қаладағы ауаны ластаушы негізгі көздердің бірі саналатын автокөліктерден шығатын зиянды заттардың көлемін азайтуға бағытталған. Қазіргі уақытта жылжымалы экологиялық зертханалардың жұмысы жалғасып жатыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.