Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қарағанды облысында жаңбырлатып суару машиналарын өндіруді жергіліктендіру жоспарлануда

Қарағанды облысында жаңбырлатып суару машиналарын өндіруді жергіліктендіру жоспарлануда

NK Global Ltd компаниясы 3 шілдеде тіркелді, оның қызмет бағыты – холдингтік қызмет

QazMonitor Logo
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды облысында америкалық Valley компаниясының заманауи жаңбырлатып суару машиналарын өндіруді жергіліктендіру жоспарлануда. Осыған байланысты «Имсталькон» зауыты мен Valley компаниясы келісімге қол қойды, деп хабарлайды QazMonitor

Сонымен қатар, «Евразия Инвест LTD» суармалы егіншілікті дамыту бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. Биыл суармалы жерлердің көлемін 10 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланған. Егіс алқаптарына қазірдің өзінде Valley компаниясының заманауи жаңбырлатып суару машиналары орнатылып жатыр. Жобаны іске асыруға қажетті негізгі материалдар Қарағанды облысынан сатып алынады, ал құрылыс-монтаж жұмыстарын жергілікті мердігер ұйымдар атқарады.

Сондай-ақ Valley компаниясының суару жүйесін басқаруға арналған цифрлық платформасы таныстырылды. Жасанды интеллект, спутниктік мониторинг және егістік алқаптарындағы датчиктердің көмегімен бұл жүйе нақты уақыт режимінде суару процесін бақылайды.

Платформа топырақ пен өсімдіктердің жай-күйін талдап, дақылдардың ылғалға қажеттілігін есептейді және суару бойынша ұсынымдар қалыптастырады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.