Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қарағанды кәсіпорындары ТМД-ның халықаралық сапа сыйлығына ие болды

Қарағанды кәсіпорындары ТМД-ның халықаралық сапа сыйлығына ие болды

«НПО Дефектоскопия» лауреат атанса, «Бёмер Арматура» дипломант мәртебесіне ие болды.

QazMonitor Logo
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысының екі кәсіпорны өнім мен қызмет көрсету сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) халықаралық сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды QazMonitor.

Халықаралық сыйлықтың лауреаты атанған «НПО Дефектоскопия» ЖШС мұнай-газ, тау-кен өндіру, металлургия және энергетика салаларындағы өндірістік нысандарды диагностикалау мен техникалық бақылау қызметтерін көрсетеді.

Ал «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында жұмыс істейтін, шарлы крандар өндіретін «Бёмер Арматура» ЖШС халықаралық сыйлықтың дипломанты атанды.

Айта кетейік, екі кәсіпорын да ұлттық іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, Қазақстан атынан халықаралық байқауға қатысты.

ТМД-ның халықаралық сыйлығы заманауи басқару жүйелерін енгізген, инновациялық технологияларды тиімді қолданатын және жоғары сапа стандарттарына сәйкес өнім шығаратын кәсіпорындарға табысталады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.