Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Түркістан облысында «Бәйдібек ата» су қоймасы су жинауға дайындалуда

Түркістан облысында «Бәйдібек ата» су қоймасы су жинауға дайындалуда

Нысан іске қосылғаннан кейін 9,7 мың гектар суармалы жер тұрақты сумен қамтылады

QazMonitor Logo
Фото: Түркістан облысының әкімдігі
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысында салынып жатқан «Бәйдібек ата» су қоймасы су жинау кезеңіне дайындалып жатыр. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров Бәйдібек ауданына жұмыс сапары барысында нысандағы құрылыс жұмыстарының барысын тексеріп, жауапты тұлғаларға құрылысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды QazMonitor.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, су қоймасының жобалық құны 15,7 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын «МК Технострой сервис» ЖШС жүргізіп жатыр. Жалпы аумағы 680 гектарды құрайтын су қоймасы 67 млн текше метр су жинауға қауқарлы. Ол Бөген өзенінен толтырылады.

Жоба аясында канал бойындағы 9,7 мың гектар суармалы жер тұрақты суару сумен қамтамасыз етіледі.

Су қоймасының негізгі міндеттері – көктемгі су тасқынының алдын алу, артық суды жинап, оны суару маусымында пайдалану және «Бөген» су қоймасын толықтыру.

Бұған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі 2028 жылға дейін Түркістан облысында төрт жаңа су қоймасын салу жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ Ақмола және Қалғұты су қоймаларының құрылысы басталып, Теріс-Ащыбұлақ пен Қарақоңыз су қоймалары қайта жаңғыртылады.

Айта кетейік, Қазақстанда қабылданған Су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында ел бойынша 42 жаңа су қоймасын салу көзделген.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.