Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Теміртау станциясындағы жолаушылар платформасын жаңғырту аяқталды

Теміртау станциясындағы жолаушылар платформасын жаңғырту аяқталды

Платформа аумағы абаттандырылып, жолаушыларға арналған жаңа инфрақұрылым пайдалануға берілді

QazMonitor Logo
Фото: ҚР Көлік министрлігі
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Жоба аясында платформаға іргелес аумақ толық абаттандырылды. Атап айтқанда, жолаушылар жүретін жолдар мен кіреберістерге тас төсем төселіп, заманауи аялдама павильондары, орындықтар, қоқыс жәшіктері, шағын сәулет нысандары және жарықтандыру жүйелері орнатылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Қазіргі уақытта Теміртау станциясынан Құлайғыр және Ақадыр бағыттарына қатынайтын төрт қала маңы пойызы жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Жаңғырту жұмыстары жолаушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, пойызға отыру мен түсуді жеңілдетуге, сондай-ақ станцияның сәулеттік келбетін жаңартуға мүмкіндік берді.

Жоба Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.