Алматы шетелдік туристер үшін Орталық Азиядағы ең тартымды бағыттардың бірі ретіндегі позициясын нығайтып келеді. Mastercard Tourism Insights және D/AI Destinations халықаралық талдау платформаларының мәліметінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Алматыға ұшақ билеттерін іздеу саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71%-ға артқан, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап QazMonitor хабарлайды.
Ең жоғары өсім Қытайдан (+166%), АҚШ-тан (+93%), Ұлыбританиядан (+85%) және Оңтүстік Кореядан (+75%) тіркелген.
Сонымен қатар цифрлық пікірлерді талдау нәтижесінде Алматыға келген туристердің жалпы қанағаттану индексі 82,6 балды құрады. Басқарма мәліметінше, саяхатшылар қаладағы көрікті орындарды, қонақ үйлерді, мейрамханаларды және қысқа мерзімге жалға берілетін орналастыру орындарын жоғары бағалаған.