Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматы колледждеріне 8 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды

Алматы колледждеріне 8 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды

Биыл қала колледждерінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 17 мыңнан астам орын бөлінген

QazMonitor Logo
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы колледждеріне талапкерлерді қабылдау науқаны толықтай цифрлық форматта өтіп жатыр. Құжаттар OQU Bilim ақпараттық жүйесі арқылы қабылдануда, деп хабарлайды QazMonitor Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күнге дейін колледждерге 8 182 өтініш тіркелген. Бұл мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жоспарланған орындардың 46,1%-ына тең.

Биыл Алматыдағы 58 колледжде мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 17 173 орынды құрайды.

Жалпы қалада 88 колледж жұмыс істейді. Онда 131 мамандық және 220 біліктілік бойынша 86,8 мыңнан астам студент білім алуда.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.