Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жетісу облысында тағы тоғыз ауыл табиғи газға қосылды

Жетісу облысында тағы тоғыз ауыл табиғи газға қосылды

Кербұлақ ауданында 6 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді

QazMonitor Logo
Qazaqstan Monitor: Жетісу облысында тағы тоғыз ауыл табиғи газға қосылды

Жетісу облысының Кербұлақ ауданындағы тағы тоғыз елді мекен табиғи газға қосылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Табиғи газға Байғазы, Тастыбастау, Алтынемел, Ақбастау, Доланалы, Жаңалық, Жайнақ батыр, Шаған және Тастыөзек ауылдарының тұрғындары қол жеткізді.

Жоба аясында 1 390 тұрғын үйді, яғни шамамен 6 мың тұрғынды табиғи газбен қамтуға мүмкіндік жасалды. Осылайша, Кербұлақ ауданындағы газдандырылған елді мекендердің саны 22-ге жетті.

Министрліктің мәліметінше, Кербұлақ ауданын газдандыру жобасы 2022 жылдан бері кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл – Жетісу облысындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Жоба аясында жалпы ұзындығы шамамен 500 шақырым болатын газ тарату желілері салынып, ауданның 25 елді мекенін газдандыру жоспарланған.

Қазіргі таңда Жетісу облысында газдандыру деңгейі 67,2%-ға жетті. Табиғи газ өңірдегі 110 елді мекенге жеткізілген. Ал іске асырылып жатқан жобалар толық аяқталғаннан кейін газдандырылған ауылдардың саны 126-ға дейін ұлғайып, 500 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.