Биыл жазда Алматыда түрлі демалыс түрлерімен 294 мыңға жуық оқушы қамтылды. Бұл – қаладағы 1–10-сынып оқушыларының 98,7%-ын құрайды, деп хабарлайды QazMonitor
Ведомствоның мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда жазғы демалыс науқанына қатысқан оқушылар саны 4,3%-ға өскен.
Әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы балалардың демалысын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Жазғы сауықтыру шараларымен 3 537 бала қамтылды. Олардың қатарында жетім балалар, ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар және тәуекел тобына жататын жасөспірімдер бар.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жазғы лагерьлерде төрт ведомствоаралық тексеру жүргізілді. Сондай-ақ әр лагерьге полиция қызметкерлері бекітілген.
Бұдан бөлек, төтенше жағдайлар немесе буллинг деректері туындаған жағдайда жедел хабарласуға мүмкіндік беру үшін демалыс орындарына арнайы QR-кодтар орналастырылған.