Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Грекиялық Desserta Hellas Қазақстанда ірімшік өндірісін іске қоспақ

Грекиялық Desserta Hellas Қазақстанда ірімшік өндірісін іске қоспақ

Компания сүт өнімдерін шығаруды жергіліктендіріп, қазақстандық серіктестермен ұзақ мерзімді жұмыс істеуге ниетті

QazMonitor Logo
Фото: Theo Graber/Pexels
Фото: Theo Graber/Pexels

Грекияның Desserta Hellas компаниясы Қазақстанда ірімшік пен сүт өнімдерін өндіру жобасын жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Бұл мәселе Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың компания басшылары Афанасиос Платаниас пен Йозеф Браунсхофермен кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды QazMonitor.

Кездесуге Қазақстанның Грекиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Сұлтанғожин де қатысты.

Министрдің айтуынша, Қазақстан агроөнеркәсіп кешені саласында Грекиямен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. 2025 жылдың қорытындысында екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 12%-ға артқан.

Тараптар Қазақстанның сүт саласының әлеуетін, шикізат базасын, мемлекеттік қолдау тетіктерін және жоғары қосылған құны бар өнім өндірісін жергіліктендіру мүмкіндіктерін талқылады.

Desserta Hellas өкілдері Қазақстанда өндіріс ашып, жергілікті серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді.

Айдарбек Сапаровтың мәліметінше, бүгінде елімізде ірімшік өндіретін 64 кәсіпорын және жылдық қуаты шамамен 2,7 млн тонна болатын 182 сүт өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді.

Министрлік мәліметінше, мемлекет ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобаларын жүзеге асыратын кәсіпорындарға кешенді қолдау көрсетеді. Оның ішінде шикізат сатып алу шығындарын субсидиялау, инвестициялық шығындардың 25%-ына дейін өтеу, кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және жылдық 5%-бен айналым қаражатын жеңілдетілген қаржыландыру қарастырылған.

Кездесу қорытындысында ауыл шаруашылығы министрі жобаны іске асыруға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Ведомствоның бағалауынша, Desserta Hellas жобасы Қазақстан мен Грекия арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайтып, еліміздің сүт өңдеу саласының дамуына жаңа серпін береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.