Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстандық әншілер «Славян базарында» екі бірдей жүлде жеңіп алды

Қазақстандық әншілер «Славян базарында» екі бірдей жүлде жеңіп алды

Ақерке Амалят халықаралық байқауда І орын алса, Жасмина Түзелова балалар байқауының ІІ дәрежелі дипломымен және арнайы сыйлықпен марапатталды

QazMonitor Logo
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстандық өнерпаздар Беларусьтің Витебск қаласында өткен XXXV «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде сәтті өнер көрсетіп, ел қоржынына екі жүлде салды, деп хабарлайды QazMonitor.

Ақерке Амалят «Витебск-2026» XXXV халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауында І орынды жеңіп алды. Екі күнге созылған дода қорытындысында қазақстандық әнші 134 ұпай жинап, үздік атанды. Биыл байқауға әлемнің 19 елінен орындаушылар қатысты.

Қазақстан атынан қатысқан тағы бір өнерпаз – 13 жастағы Жасмина Түзелова «Витебск-2026» XXIII халықаралық балалар ән байқауында ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Сонымен қатар ол халықаралық қазылар алқасының мүшесі, латвиялық композитор Гайтис Лазданс тағайындаған авторлық ән жазуға арналған арнайы сертификатпен марапатталды.

Эстрадалық ән орындаушылардың халықаралық байқаулары дәстүрлі түрде «Славян базары» фестивалі аясында өткізіліп келеді. Бұл фестиваль жас таланттарды танытып, түрлі елдің өнерпаздарын тоғыстыратын беделді халықаралық мәдени алаңдардың бірі саналады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.